Жасы кәмелетке толмаған жасөспірім Шымкент қаласынан ата-анасыз өз бетімен шығып, "INDRIVER" таксиімен Атырауға келген.
16 жастағы жасөспірімнің айтуынша, таксимен өз бетімен жолға шыққандағы ойы – мұнайлы астананы араламақшы болған.
Атыраулық полицейлер "жас" саяхатшыны" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды. Қазір қыдырымпаз баланың ата-анасы немесе заңды өкілдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.