Осыдан соң баланың анасы қуанышын жасыра алмай, әлеуметтік желіде көпшілікпен бөлісті.
«Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ұжымына Алла разы болсын. Кішкентай ерекше сәбиіміз Абдурахим балақайды бүгінгі туылған күнімен құттықтап, арманын орындап сыйлығын беріп, қаланың ішін қыдыртып қайтты. Балақайдың қуанышында шек жоқ, көріп қуанып мәз болды. Осындай мүмкінділігі шектеулі жандардың жанын түсініп, жүректеріне мейірім ұялатып жанын түсінген сіздерге Алла сауаптан жазсын. Жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!», деп жазды ол.