RSS лента

Екі жасар баланы басынан тістеп сүйреген иттің иесі анықталды

  • 20.11.2020, 15:05,
  • 1 746
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Жергілікті полицейлер баланы қапқан итті тауып, иесін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 18 қараша күні сағат 16.51-де «102» операторына  «Жұлдыз-2»  ықшамауданының тұрғынынан жас сәбиді иттің қапқаны  туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына  шұғыл жеткен полиция қызметкерлері  2018 жылы туған сәбиді жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.



 

Сәбиді қапқан ит  сол ықшамаудандағы шағын өндірістік база аумағынан табылды. Иттің иесі – 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу» дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости