RSS лента

Қауымды қиратқан ауыл тұрғыны ұсталды

  • 01.10.2020, 19:25,
  • 2 097
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Зираттарды бүлдірген 1977 жылы туған ауыл тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 


27 қыркүйек күні сағат 13.38 шамасында белгісіз біреу Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылына қарасты Қоғам елді мекенінде орналасқан «Мәтен қожа» түнегі, үйін, сарайын өртеп, жанындағы 13 қайтқан адамның жерленген мәйіттерін, құлыптастарын  сындырып, бүлдірген.


Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа күдікті 1977 жылы туған аудан тұрғыны анықталып, уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Оның басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.


Сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚР ҚК-нің 314 бабы «Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау» бойынша жүргізілуде.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости