Полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, 32 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткі заттарын сатқан, сонымен қатар,
терроризмдi насихаттаған.
"Тергеп-тексеру барысында, бұл азамат ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлаған және бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан" деді Нұрхат Кенжебайұлы.
Сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, оның мәлімдемелерінде қарулы жиһад түрінде терроризмді насихаттауға бағытталған белгілер болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл азамат өз кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасады.
Сот оны қылмыстық кодекстің екі бабы – есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ, терроризмдi насихаттау бойынша кінәлі деп тапты. Өз кінәсін мойындағанын және жасалған процестік келісімі ескеріліп, қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды.