Естеріңізде болса, 27 қыркүйекте Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшығыл ауылында белгісіз біреулер Мәтен қожа мазары мен үйін өртеп, маңындағы 12 зиратты қопарып кеткен еді. Тұрғындардың күдігі бірден бұрынғы шырақшыға түскен болатын.
Көп кешікпей Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков қылмыскердің кім екенін айтты.
«Қызылқоға ауданының бір тұрғыны ұсталды. Ол — шырақшының туыс жамағаты. Бұрын-соңды мұндай жағдай орын алып көрмеген-ді. Сондықтан тұрғындардың әжептәуір алаңдаушылық білдіргенін түсінуге болады. Тергеп-тексеру шаралары арқылы бұл қылмыстың да нақты себебі анықталады деген сенімдеміз» деді ол.
Айта кетейік, Мәтен қожа мазарына жергілікті жұрт дертіне дауа іздеп келеді.