Кеше ғана атыраулық тұрғын өз итінің басын тоңазытқыштың есігіне қыстырып қинаған еді. Ал, Петропавл тұрғыны төрт аяқты досын төртінші қабаттан лақтырып жіберді. Ресейде де жас қыздың қапқа мысық салып, оны өзенге лақытырып жіберген бейнежазбасы көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Енді әлеуметтік желі мен мессенджерлерде қазақ жастарының қапшық ішіне салынған күшіктің үстіне жанармай құйып, от қойып өртеген видеосы тарап жатыр. Оқиғаның нақты қашан және қалай орын алғаны белгісіз. Бейресми мәлімет бойынша бұл Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында болған жағдай. Әзірге ақпараттың анық-қанығы тексеріліп жатыр.