RSS лента

Атырауда «шашлык жасаймын» деп итті айуандықпен қорлаған жас жігіт жұрттың наразылығын тудырды (+Видео)

  • 01.06.2020, 13:21,
  • 9 433
  • 0
  • Автор:

Иттің басын тоңазытқыштың есігіне қыстырып, үстінен секірген жігіттің бейнежазбасы қараған жанның төбе шашын тік тұрғызады, деп хабарлайды ​Turantimes.kz.

Әлеуметтік желіде жас жігіттің итті қатал жолмен қорлап жатқан бейнежазбасы пайда болды. Бұл көпшіліктің ашуы-ызасын туғызды. «Доброе сердце» инстаграм парақшасында жарияланған бұл видео «Ватсапп» қосымшасы арқылы жұртшылыққа кең тарап үлгерді. Полиция қатыгез тұрғынды құрықтады.

Басы жаншылған иттің жанайқайы шығып жатқанда, бейнежаба авторы жануарды жайына жіберуді сұрайды. «Мака, шашлык жасама, керек емес», - дейді ол. Бірақ, әлгі жігіт итті қорлауын тоқтатпады.

 

 

Полиция күдіктіні ұстады.

«Оқиға 31 мамыр күні Еркінқала ауылында орын алған», - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментінде. ​

Бұған дейін де Атырау қаласының маңында иттерге оңды-солды оқ атқан екі жігіттің видеосы пайда болған еді.

​«Доброе сердце» бетшесінің әкімшілеріне осы жарияланымнан кейін қоқан-лоқы жасалған. Белсенділер қатыгез азаматтың Атырау қалалық ветеринарлық стансасында жұмыс жасайтынын анықтады.

ПД-нің мәліметінше, бұл жағдай 30 мамырда болған. Құқықбұзушылар құрықталды.

«Екі дерек бойынша да ҚР қылмыстық кодексінің 316-бабымен («Жануарларға қатыгердік жасау») ​сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтілді аталған мекемеде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости