Нақтырақ айтқанда, Атамбаев көшесінде орналасқан «ПромГаз» ЖШС-нің автокөлікке газ құю стансасында 50 текше метрлік «Форд» автоцистернасы жарылған.
Газ-ауа қоспасын құю барысында от тұтанып, үлкен өртке ұласқан. Төтенше жағдайлар департаментінде мәлімдегендей, оқыс оқиғадан бір адам зардап шеккен.
Тілсіз жауды ауыздықтауға барлығы 25 қызметкер мен төрт техника жұмылдырылған. Әзірге істің анық-қанығы тексеріліп жатыр.