Бұл оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 31 тамыз күні сағат 22.50 шамасында болған. Кіреберіс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, белгісіз ер адам заңсыз үйге кірген. Осы кезде үйде қарт әжеден басқа ешкім болмаған.
Қылмыскер оң қолымен әжемнің аузын жауып, сол қолымен құлағынан алтын сырғаларды алып кеткен. Әжем бұл оқиғадан осы күнге дейін есін жияр емес, шошып кетті. Оқиға туралы дереу полицияға хабарластық, дейді жәбірленушінің немересі. Жедел іздестіру шаралары барысында аудан полицейлері 28 жастағы күдіктіні анықтап, тапты.
ҚР ҚК 191-бабының 3 бөлігі "Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау" бойынша тергеу-тексеру шаралы жүргізілуде. Жәбірленуші қарт ана тонаушыны ұстаған тәртіп сақшыларына алғысын айтып, оларға жемісті жұмыс тіледі.