Аталған компьютерлік техникалар қала, аудан және ауыл мектептеріне үлестіріледі. 22 463 компьютерлік техника облыстың онлайн білім алып жатқан оқушыларының қолдарына жақын күндері тиеді. Аталған құралды қажет ететіндер қыркүйек айының аяғына дейін толық қамтамасыз етіледі.
«Пандемия жағдайына байланысты 176 мектепте 111 296 оқушы қашықтан оқытылуда. Оқушыларға қажетті техникалық құралдар сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен 555 млн. теңгеге 3479 ноутбук, ал ҚР Үкіметінің қолдауымен Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен республикалық трансферт есебінен 2,9 млрд. теңгеге 18984 компьтерлік техника сатып алынуда. Осы беріліп отырған техникаларды оқушыларымыз тиімді пайдаланып, ата-аналары да оларды күтіп ұстауын қадағалаулары қажет» деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыс бойынша 2499 планшеттің де қайтарымды келісім негізінде үлестірілгенін айта кетейік.