RSS лента

Қашықтан оқу балаға зиян ба?

  • 31.08.2020, 19:04,
  • 2 061
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Сала министрі қашықтан оқытудың балаға зияны бар-жоғын айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Біз төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша үлкен талдау жүргіздік. Қазір де бұл жұмыс жалғасуда. Онлайн оқытуды дәстүрлі форматпен салыстырып жатқан жоқпыз. Біздің міндет – бұл айырмашылықты барынша жою. Мәжбүрлі қашықтан оқыту кезінде білім сапасын түсірмеу. Біз қазір дәл осымен айналысып жатырмыз.

 

Мектептердің ашылуын бәріміз тағатсыздана күтіп жүрміз. Бірақ, сіздер білесіздер, қазір жағдай басқа. Балалардың да, мұғалімдердің де денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты орында.

 

Мұғалімдер жетіспейтін мектептер бар. Бір ұстаз 3-5 пәннен сабақ береді. Біз талдау жүргізген кезде, қашықтан оқыту форматы, керісінше, балалардың оқу үлгерімін жақсартып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанын байқадық. Үлгерім төмендеген жағдайлар да жоқ емес. Мұның бәрі оқу процесінің ұйымдастырылуына, соның ішінде педагогке де байланысты. Бұл жұмыс дұрыс әрі тиісті деңгейде жолға қойылса, онлайн оқу мен дәстүрлі оқыту арасындағы айырмашылық барынша азаяды.

Дәстүрлі оқыту бұл тек ақпарат пен білім беру ғана емес, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Бұл белгілі бір мәдениет, әлеуметтенуді қамтиды. Ал, мұны қашықтан оқыту арқылы үйрету өте қиын. Сол себепті біз аралас оқыту формасын таңдадық. 1-4 сынып оқушыларының 60%-ке жуығы дәстүрлі форматта оқиды» деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Айта кетейік, биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Тек шалғай ауылдарда шағын жинақты мектептер мен бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости