RSS лента

Әли Оқапов атыраулық бойжеткенмен отбасын құрды (+ФОТО)

  • 20.08.2020, 18:26,
  • 1 994
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ашық көздерден

Алғаш Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқан еліміздің Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, әрі биші Әли Оқапов атыраулық ару Ақерке Бүркітбаймен отбасын құрды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Бұл туралы әлеуметтік желіде журналистер жарыса жазуда. Кеше қалыңдықтың шаңырағында өткен қыз ұзату тойының сәттері әлеуметтік желіні шулатты.


Ақеркенің өзі де қаражаяу емес, өнерлі отбасы өкілі. Қазір «Асыл» тобының құрамында өнер көрсетеді. Оның әкесі – белгілі дәстүрлі әнші, еліміздің Мәдениет саласының үздігі Пахаман Құттымұратов.

Осылайша, 29 жасар Әли ақ Жайықтың Ақеркесімен бірге жаңа өмірге қадам басты.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц