RSS лента

Атырауда мал іздеймін деп жоғалып кеткен азамат табылды (+видео)

  • 25.09.2020, 18:18,
  • 1 144
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: скриншот

Атырау полицейлері мал іздеп шығып, адасып қалған азаматты құтқарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Индер аудандық полиция бөліміне 20 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында Өрлік ауылының  тұрғынынан осы ауылға қарасты «Көкат» шаруа ​ қожалығының ​ жұмысшысы 51 жастағы Аманкелді Есов  мал айдап  белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

​Аудан полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын хабарлама түскен сәттен бастағанмен, бір күн бойы іздестіру шарасы ешқандай нәтиже бермеген. Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын тоқтатпай, нәтижесінде​ келесі күні яғни  22 қыркүйек ​ таңғы сағат 03:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы Мәштісай ауылының «Сабила Құдық» учаскесінің шабындық жерінен табылады.

Жолдан адасып, екі күн бойы азықтанбағай,  әбден әлсіреп, оның үстіне жауын астында қалған азаматқа полицейлер дереу алғашқы көмек көрсетіп,киімдерін ауыстырып,  аман-есен үйіне жеткізді.

«Көкат» шаруашылығының қожайыны Индер ауданының полицейлеріне  жұмысшы Аманкелді Есовты дер кезінде тауып, көмек көрсеткендері үшін бейнежазба арқылы алғысын жеткізді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости