RSS лента

Трансвестит болып жүрген қазақ жігіттері ұсталды (+видео)

  • 12.11.2020, 17:05,
  • 1 379
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атырау  облысы аумағында «Тоқта, трафик» профилактикалық жедел-іс шарасы барысында екі трансвестит анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қараша күні    учаскелік полиция инспекторлары Вокзал маңы 5 ықшам ауданындағы  үйлердің біріндегі пәтерден  25 -29 жастағы жеңіл жүрісті 3 азаматшаны,  Алмагүл ықшам ауданындағы, Махамбет көшесіндегі, Азаттық даңғылындағы  көпабатты үйлердің пәтерлерінен 10 азаматша  анықталды. Жастары 25 -28  жастағы жеңіл жүрісті қыздар Қызылорда, Ақтау, Шымкент қалаларының тұрғындары болып шықты.

 

Сексуалдық сипаттағы  қызметпен айналысуға  арнайы Атырауға келіпті. Осы кеште  Кұлманов көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдап, сексуалдық сипаттағы қызметпен айналысқан Ақтөбелік екі жігіт- трансвеститтердің «кәсіптері» әшкереленді.  Жеңіл жүрісті қыздар мен трансвестит жігіттер ҚР Әкімшілік кодексінің 449 бабымен  хаттама толтырылып, ескертулер берілді. Жалдамалы пәтерлердің иелеріне қатысты жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментіне жолдануда. Жалпы, аталмыш шара басталғалы Атырауда 20-ға жуық жеңіл жүрісті қыздар анықталды.

 

 Сондай-ақ, 10-14 қараша аралығында республикалық «STOP трафик»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев. Жедел шара мақсаты адам саудасымен, адамдарды заңсыз бас бостандығынан айырумен, жезөкшелікпен  айналысуға мәжбүрлеумен  байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, ескерту.

 

Жедел шара барысында облыс орталығында сексуалдық сипатта  қызметтер көрсету мақсатында адамдарға тиісіп тұрғандар  анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 449 бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып,  әрқайсысына 9723 теңгеден айыппұл салынды.  Тексеру кезінде, олардың екеуі Өзбекстан және  Қырғызстан елдерінің азаматшалары, бірі  Шымкент қаласынан келген 25 жасар бойжеткен болып шықты.

 

10 қараша күні сағат 22.30 шамасында Атырау қаласындағы сауналардың бірінде  келген тұтынушыларға ақылы қызмет көрсететін жезөкшелікпен айналысатын қыздарды шақыртқандары  анықталды. Карантиндік режимді сақтамаған саунаға қатысты жинақталған іс құжаттар Атырау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

 

Жедел шараның екі күнінде  жезөкшелікпен айналысқан 18 «көбелектерге» қатысты «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша  әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жедел уәкілдер, ғаламтор желісінде орналасқан сайттардың бірі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, аталған сайтта сексуалдық сипатта қызмет көрсетуге анкеталық жарнама бергендердің  10-ын анықтап, олардың жалдамалы пәтерлері туралы Салық органдарына хабарланды. Өздерін жарнамалағандармен  профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости