Атырау қаласындағы "Авангард"," Алмагүл" және "Вокзал маңы" ықшамаудандары мен Абай, Махамбет көшелеріндегі көпқабатты үйлердің пәтерлерлерінде клиенттерге "қызмет көрсетуді" кәсіп еткен қыздар анықталды.
Тек екі күнде учаскелік полиция инспекторлары жеңіл жүрісті 17 қызды анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "қоғамдық орындарда тиісу", 492-бабы "ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жеке басы құжаттары жоқ 4 бойжеткен полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Сонымен қатар, осы пәтерлерді жалға берген пәтер иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру" бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, жауапкершілікке тартылды.
"Учаске" профилактикалық жедел шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.