RSS лента

Атырауда жеңіл жүрісті қыздар  ұсталды

  • 19.09.2020, 17:01,
  • 1 424
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Арнайы ред барысында тәнін саудалаған бикештер құрықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Республика көлемінде жүріп жатқан «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде  Атыраулық  учаскелік полиция инспекторлары  Авангард ықшам  ауданында, Сәтпаев, Махамбет көшелерінде орналасқан көп қабатты үйлердің пәтерлерінен   жеңіл жүрісті 11 бойжеткенді анықтады.
Олардың  6-уы Оңтүстік Қазақстан облысынан  келгендер.


Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы ".....сексуалды сипатта қызметтер көрсету", 492 бабы Қазақстан республикасында  тіркеусіз, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша  әкімшілік хаттамалар толтырылып, полиция органдарының  есебіне алынды. Сонымен қатар, оларға  пәтерлерін жалға берген азаматтарға   қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабы "Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша  әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Жыл басынанАтырау қаласында сексуалды сипатта қызметтер көрсетумен айналысып, құқықбұзушылық жасаған 70 адам жауапкершілікке тартылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости