«Көлікті тексеру үшін тоқтатқан кезде жүргізуші тоқтаудың орнына жылдамдығын күрт асырып жіберген», - дейді баспасөз басшысы Гүлназира Мұхтарова.
Кейін оның соңынан полиция көлігі қуып жетеді. «Жұмыскер» ықшамауданына келгенде ол қолға түседі. Анықталғандай, 1988 жылы туылған көлік иесі ішімдікке сылқия тойып алған. Оған қатысты еліміздің әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірден төрт бабы бойынша протокол толтырылды.