RSS лента

Алматыда ұшақ құлады (+видео)

  • 13.03.2021, 18:37,
  • 1 131
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: скриншот

Алматыда құлаған ұшақ куәгерлердің камерасына түсіп, желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Куәгерлердің сөзінше, оқиға Қызылту ауылының маңында әуежай жақта орын алған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Алматы әуежайының баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ҰҚК-нің АН-26 әскери ұшағы құлағанын хабарлады.


Ұшақта барлығы 6 адам болған. Әзірге қайтыс болғандар жөнінде мәлімет жоқ. Шамамен 17:30-да байланыс үзілген соң, дереу дабыл қағылған. Өкінішке орай, ұшақ жолаққа жетпей құлап тынған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости