Полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған «УАЗ 390945-441» көлігінің жүргізушісі заңды талаптарға бағынбайды.
Қуып келе жатқан полиция қызметкерлерінің «Нива» көлігіне қашқын көліктің жолаушыларының бірі оқ атады. Тәртіп сақшылары табельдік қарудан алдымен аспанға қарай ауаға, содан кейін дөңгелектерге бір рет ескерту ретінде оқ атқаннан кейін ғана «УАЗ » тоқтатылды.
Нәтижесінде оқиға орнында , Маңғыстау облысының Боранқұл ауылының 1995 жылы туған тұрғыны күдікті ер адам ұсталды. Одан 16 калибрлі «ИЖ» маркалы тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат тергеу изоляторына қамауға алынды.