Оқиға кеше түскі мезгілде Қарағанды облысында орын алғаны анықталды. Санаулы секунд ішінде автокөлік металл бөлшегіне айналды.
Видео иесінің көлігін жоғары жылдамдықпен келе жатқан қара түсті «Lada» көлігі басып озып, жолдан сырғып кетеді де, жиектегі қоршауға соғылады. Оның ішіндегі ер адам таңғажайып жағдайда аман қалған. Ол сол бойда орнынан тұрып өзіне келе жатқан қосалқы дөңгелекті тоқтатады. Бұдан оның жарақат алмағанын анық аңғаруға болады.
«ВАЗ 2114 көлігінің 25 жастағы жүргізушісі «Бүркіт»кафесінің маңында жоғары жылдамдықпен Пришахтинскіге қарай кетіп бара жатып, рөлге ие бола алмай темір қоршауға соғылған. Жол апатынан зардап шеккендер Қарағанды облыстық медицина орталығына жеткізілді» делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми хабарламасында.