– Оқиға 8 қазанда сағат 14:00 шамасында болған. «Самал» ықшамауданындағы №9 және №15-ші көшенің қиылысында жолдың екінші деңгейлі жолмен келе жатқан «Toyota Mark» көлігі «Toyota Coaster» автобусымен соқтығысқан. Жеңіл көлік басты жолда келе жатқан автобусқа жол бермеген. Нәтижесінде автобус аударылып қалды. Автобустағы 3 жолаушы дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді, - делінген облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.