RSS лента

Белгісіз ер адам жеті жасар баланы аулада ойнап жүрген жерінен алып кетті

  • 30.08.2020, 21:41,
  • 1 914
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Оқиға Шығыс Қазақстан облысында орын алған. Енді Эдуар есімді баланы полицейлер мен еріктілер жабылып іздеп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Бала сағат 16:00-де шарбаққа ойнауға шыққан. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Ата-аналары өздіктерінен таба алмаған соң, полиция көмегіне жүгінген. Эдуард Жилиев ақшыл сары шашты, қой көзді. Үстіне сұр жейде мен спорттық шалбар, аяғына қара-сұр түсті кроссовка киген. Оны көргендер болса, шұғыл «102» нөміріне хабарласулары сұралады.

Оставить комментарий
Последние новости
     
ЭКОНОМИКА
30.04.2416:07
Доллар вновь поднялся  
   
Все новости