RSS лента

Көлікті қолсыз айдай аламын: жаяу жүргінші қыздармен сәбиді қаққан мас астаналық азаматшаға қатысты мәліметтер пайда болды

  • 24.06.2020, 17:52,
  • 1 795
  • 0
  • Автор:

Әлгі қыздардың көлік астына түспеген сіңлісі өзінің апалары мен жас жарымдағы інісін қағып кеткен қызға қатысты барлық мән-жайды айтып берді. Айтуынша, жол апатына дейін жүргізуші көлікті қолсыз айдай алатынын айтып мақтанған, деп Turantimes.kz хабарлайды «Евразия бірінші арнасына» сілтеме жасай отырып.

Авария болатын күні 19 бен 20 жастағы апалы-сіңлілер Дильназ бен Алина үйлеріне оралып келе жатқан. Олар арбада кішентай інілерін алып келе жатқан. 

 

Көліктің астына кіші сіңлісі де де қалуға шақ қалған. Ол бұлардан сәл алшақ жүрген. Ол еске тсіргендей, көлікті көре сала қатты қорыққандықтан бір сөз де айта алмаған. Бірақ, апатқа кінәлі жүргізушінің қалай жүріп келе жатқанын анық көрген. Ол «мен осылай қолсыз айдай аламын» деп мақтанған. Кейін оны қауіпсіздік жастығы құтқарған» деді ол.

 

Зардап шеккендердің туыс әпкесі Гүлжамал Мұхамеджанова мас күйде қалай көлікке отыруға болатынын түсінбей дал. 

 

«Бұлай неге ішеді? Кішкентай Самираның қос аяғы да сынған. Ол небәрі бір жарым жаста ғана. Көптен күткен нәресте. Қатты соққыдан оның арбасының быт-шыты шықты. Олар жақын маңда тұрған көліктің астына ұшып кетті. Құдайға шүкір, қайта екі көліктің арасына түспеген», - деп атап өтті ол. 

 

Еске сала кетейік, 22 маусымда сағат 21.03-те Mazda көлігін тізгіндеген мас әйел жаяу жүргіншілерді қағып өтті. Ол Қосшығұлұлы көшесімен Бейсеков көшесі жақтан келе жатып қарсы жүріс жолағына өтіп, жаяу жүргіншілер жолында келе жатқандарды қағып кетті. 

 

Кейін дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. 2018 жылы туылған бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости