Тексеру барысында көліктің мемлекеттік белгісі жалған болып шықты. 24 жастағы жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде жол апатын тудыру, қауіпсіздік белдігін тақпау секілді айыптаулар бар. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар, жалған мемлекеттік белгісі тағылған автокөліктің 2 млн. 391 858 теңгені құрайтын 104 айыппұлы, өзіне тіркелген мемлекеттік белгісінде 272 мың 244 теңгені құрайтын 12 айыппұлы бар екендігі анықталды. Екі миллионнан астам бережағы бар көлік айып тұрағына қойылып, жүргізушісі жедел-тергеу тобына тапсырылды.