ҚР ТЖ-нің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағандай, жарылыс салдарынан ас бөлме опырылып ортасына түскен.
«Бүгін, 21 қарашада сағат 12:25-те қалалық ТЖД-нің кезекшілік қызметіне шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда дәмхана есебінде жасақталған коттеджде газ балоны жарылғаны хабарланған.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен бір қыз бен 15 газ балонын анықтаған. Әзірге құрбан болғандар жөнінде мәлімет жоқ» деп мәлімдеді ресми өкіл.
Сондай-ақ, 19 адамға жедел жәрдем дәрігерлері қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, 20 шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жау сағат 12:58-де ауыздықталды.