«Қазір 1 миллион адамға дәрі-дәрмектер жиынтығы жасақталып жатыр. Жиынтық құрамына 5 түрлі дәрі енгізілген. Бұл амбулаториялық ем қабылдайтын науқастарға тегін таратылады. Демек, коронавирустық инфекция белгілері пайда болса, әлбетте бірінші кезекте 103 телефоны арқылы, жедел-жәрдем көмегіне жүгінесіз. Егер ағзада вирус табылса, онда емханаға жолығу керек. Сол жерде сізге қажетті дәрі-дәрмектер тегін таратылады» деп атап өтті Қожахметов.
Оның айтуынша, осы аптаның аяғына дейін елдегі әрбір емханаға парацетамол, Ибупрофен және Ривароксабан, Апиксабан, Дабигатран сынды антикоагулянттар жеткізілетін болады.