RSS лента

Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы түсінік берілді (видео)

  • 22.07.2020, 16:16,
  • 1 346
  • 0
  • Автор: NTleukesh

Авиация мамандары бұл жағдайға қатысты өз пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақ артынан шыққан қара түтінді байқауға болады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейінгі уақытта әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.


–    Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алып, соның нәтижесінде шығарынды пайда болған. Бұл қалыпты жағдай.Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ, – деді Андрей Ким.


Оставить комментарий
Последние новости