Атырау-Нұр-Сұлтан рейсін орындау кезінде көкке көтеріліп бара жатқан ұшақ топтасып ұшқан үйректер мен қаздарға соғылған. Әуе кемесінің он жылдай тәжірибесі бар командирі Иван Карпович штатты режимде ұшақты қайта қондыруға шешім қабылдады. Сөйтіп, кеше кешке сағат 22.05-те ұшқан әуе кемесі 22.17-де қайта қонды. Ұшақта 115 адам болған.
Ал, жолаушылардың кейбіріне билет басқа күнге ауыстырылса, басқаларына билеттің ақшасы қайтарылды.