Қазақстанның ішкі істер министрлігі енді әлгі баланың ата-анасын іздестіріп жатыр.
"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек" дейді Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.