Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына 12 мамыр және Алматы әуежайына 21 мамырдан бастап «Ashyq» қосымшасы енгізілмек.
«Ashyq қосымшасы жолаушылар мен қызметкерлерге қосымша қауіпсіздік кепілі болмақ. Осыған байланысты, барлық жолаушылардан әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеру сұралады. Терминал ғимаратына сары және қызыл мәртебелі жолаушыларға кіруге рұқсат берілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару бойынша сұрақтарды әуе компаниялары қарастырады» делінген ресми хабарламада.