Автобус паркінің басшысы Қуантай Қалманның айтуынша, автобустар көктемнен бері қаңырап бос тұр. Өйткені, олар газометанмен ғана жүреді. Оларға арналған арнайы бекет салынады деп жоспарланған екен.
«Өкінішке орай, жауапты мердігер мекеме сөзінде тұрмады. Ақыры, бұл істі өз күшімізбен атқарып жатырмыз. Бекет құрылысы бітуге таяп қалды. Енді кәсіби монтаждаушы мамандарды күтіп отырмыз» дейді ол.
Айта кетейік, аталған автобустар желтоқсан айынан қалмай жолға шығады деп күтілуде.