RSS лента

Коронавирустың төртінші толқыны...

  • 02.12.2020, 17:12,
  • 504
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Сянган арнайы әкімшілік ауданының (САӘА, Гонконг) барлық мектебі коронавирустың төртінші толқыны салдарынан Рождество мерекесі аяқталғанға дейін жабылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі SCMP-ге сілтеме жасай отырып.

Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламның айтуынша, барлық мемлекеттік қызметшілерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру жоспарлануда. Әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғындарға жаза қатайтылуы мүмкін. Әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзған адамдарға екі мың Гонконг доллары (шамамен 258АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

 

Сонымен қатар, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің барлық қызметкерлері екі апта ішінде міндетті түрде коронавирус тестілеуінен өтеді.

 

Айта кетейік, Гонконгта эпидемия басталғаннан бері барлығы ауруға шалдығудың 6238 расталған жағдайы және коронавирусқа байланысты 109 өлім тіркелді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости