Көрермендерді қорлау, сахнаға ішімдік ішіп шығу, жоспарланған концерті өткізбеу, ән репертуарына балағат сөздері бар әндерді енгізу, көрерменге ескертпестен фонограмманы қолдану... Мұның барлығы үшін енді заңды тұрғыда әкімшілік жауапкершілік жүктелмек.
– Мәдени шаралар барысында түрлі жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан мұны біз заң жобасы аясында шешкенді жөн көрдік. Яғни, бұл мәселелерді азаматтық-құқықтық келісімшарт арқылы реттеуді ұсынамыз, - дейді Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Айта кетейік, егер, заң жобасы жүзеге асса, тәртіпке бағынбаған азаматтарға алдағы уақытта өнер көрсетуіне тыйым салынатын болады.