RSS лента

Тоңазытқышқа тығылған баланың өліміне қатысты дау шықты...

  • 08.11.2021, 23:37,
  • 2 495
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Тоңазытқыштың артына тығылып тұрған жерінен тоқ соғып, қаза тапқан 10 жастағы атыраулықтың өлімі туралы жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Әкесі ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап, мәйітханада баласының мүрдесіне сараптама жасағандарға наразы.

 

Қайғылы оқиға Атыраудағы Балықшы мөлтекауданындағы жеке үйде болған. Үйде асыр салып ойнап жүрген Наиль тоңазытқыштың артына тығылған кезде, оны тоқ соғады. Жедел жәрдем келгенше жерде талып жатқан кішкентай бала, кейін қайтыс болады. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғанын хабарлаған болатын. Бірақ Наиль дәрігерлер келгенде тірі болыпты.

 

«Анасы облыстық перинаталдық орталықта үшінші сәбиімізді босанып жатқан. Мен жұмыста болып, Наиль әжесімен қалды. Қайғылы жағдайды естіп, бірден үйге келдім. Қала сыртынан келгенше балам қайтыс болыпты. Әжесінің айтуынша, дәрігерлер келгенге дейін оның жүрегі соғып тұрған. Әжесі балама массаж жасап жатқанда, дәрігерлер оны қолынан жұлып алған. Олар баламды қолдарына алып, әрлі-берлі жүрген. Кейін көлікке салып алып кетеді де, қайта келіп, баламның қайтыс болғанын айтады» дейді баланың әкесі Сергей Писарев.

 

Кейін баланың мүрдесін полиция қызметкерлері алып кетіп, мәйітханаға апарған. Артынша әкесі барып өлген баласын құшақтап екі сағаттай отырған. Полиция қызметкері оған баласының аяғын ғана кесітінін айтқанымен, кейін баласына толықтай сараптама жасап, тігіп берген.

 

«Олар неге шыңдықты айтпады? Мен олар өтірік айтқаны үшін қынжылып отырмын. Баламды өлтіріп алды. Неге массаж істеп, оттегі бермеді? Мәйітханада оны кескілеп тастады. Мен сараптамаға қарсы болдым» дейді Сергей Писарев.

 

Ол баласының өлімі бойынша Атырау облыстық ПД арыз жазып, жедел жәрдем қызметкерлерінің заңмен жазалануын талап етіп отыр. Ал облыстық жедел жәрдем станциясы өз қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс бастап кеткен.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости