Өткен жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Әйтсе де, сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.
Кезекті сот отырысында куәгерлер көрсеткен және бейнежазбадағы уақыттың сәйкес келмейтіні анықталды. Айыпталушылардың қорғаушылары бейнематериалдардың уақыты өзгертілуі мүмкін екенін ескертті.
Куәгер ретінде жауап берген перинаталдық орталықтың санитары Светлана Козлова сотқа қайта шақыртылып, бұл жолы сәбидің тірі болғанын көргенін айтты. Ол сол кезде баланың тірі екенін айтқанымен, неліктен жансақтау бөліміне апарылмағанын сұрамаған екен. Нәресте есік тұсқа қарап қол-аяғы қимылдап жатыпты.
Сотталушы Қуаныш Нысанбаевтың «нәрестенің тірі екенін сағат жетіде білсеңіз, екі жарым сағат бойы оның өмірін құтқармай, не істедіңіз?» деген сұрағына Светлана Козлова бұл оның қолында емес, неонатолог дәрігерлер құтқарады деп ойлағанын айтты.