RSS лента

Елімізде енді пара алғандар электронды кісен киеді

  • 21.09.2020, 23:52,
  • 1 106
  • 0
  • Автор:
Автор фото: *Ашық көздерден

Сыбайлас жемқорлық қатысы бар деп күдікке ілінген азаматтардың аяғына электронды кісен салына бастады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Цифрландыру жөніндегі көмекшісі Аслан Құсайыновтың айтуына қарағанда, электронды қадағалаушы құралдың пайдасы шаш етектен.


– Бұл тергеу кезінде қамалмаған, бірақ жүріс-тұрысы шектелген күдіктілерге қатысты. Биылғы жылдың 17 қыркүйегінде бұл тәжірибені алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды ​​сотының шешімімен үй қамағына алу түріндегі күдіктіге қатысты қолданды. Бүгін 10 мыңға жуық осындай құрылғы 500 мың теңгеден астам сомаға сатып алынған және бұл осы қызметтің шығынын едәуір үнемдейді. Мәселен, қызметкерлер күдіктіні іздеп жүрмейді, ұялы байланысқа ақша шықпайды, оны алып келемін деп әуреленбейді.


Салмағы - шамамен 80 грамм, сондықтан ыңғайсыздық туғызбайды. Оны алып тастауға әрекеттену немесе оны шұқылау жүйені іске қосып, диспетчерлік бөлім мен жауапты адамдарға дабыл белгісін береді. Егер адамның шынымен де осы тұсау-браслетпен жүргенін анықтау керек болса, онда диспетчер батырманы басады, сол кезде құрылғыға хабарлама келеді және 5 минут ішінде адам оған жауап беріп, өзін суретке түсіріп, дауыстық хабарламаны кері жолдауы тиіс, - дейді А.Құсайынов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости