RSS лента

Ажалы ұялы телефоннан болды

  • 20.09.2020, 23:56,
  • 1 518
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

Тайландта 16 жастағы қыз телефон қуаттаймын деп өлім құшты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Таниялук Фай Пхадасри смартфонын қуаттап қойып, оған құлаққапты қосқан. Сөйтіп, қалаған әндерін тыңдап жайбарақат жатқан. Бірақ, біраз уақыттан кейін жақындары оны кешкі асқа шақыруға келгенде өлі күйінде тапқан. Есінен танып қалған ол өртенген телефонды қолына қысқан күйі тіл тартпай кеткен. Мойны мен қолын күйік шалған.


39 жастағы әкесі Тонгчай Пхадасри қызына жедел жәрдем келгенге дейін қолдан тыныс алдырған. Өз кезегінде дәрігерлер қанша жерден тырысқанымен, өрімдей қыздың өмірін құтқарып қала алмады. 


Анықтай келе, мектеп оқушысы электр тоғының шамадан тыс қуатын көтере алмағаны белгілі болды. Осылайша, өлімнің басты себебі смартфон екені анықталды. Полицияның мәлімдеуінше, телефон өртеніп істен шыққандықтан, марқұмның сол сәтте не қарап жатқаны жұмбақ күйде қалып отыр. 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости