Татьяна Нестеровна Индер ауданының Зеленый ауылында (қазіргі Көптоғай) көпбалалы отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы, ата-әжесі осы өңірдің тумалары болған. Әкесі Нестер Ефремович Любин, Ұлы Отан соғысының ардагері, анасы Анна Павловна Любина бар ғұмырын туған ауылында өткізген.
Отбасында 13 бала болған — 6 қыз және 7 ұл. Өкінішке орай, екі ағасы балалық шағында қайтыс болды, бірақ қалғандары өсіп, жоғары білім алып, өз отбасыларын құрды. Соғысқа дейін Зеленый ауылында негізінен орыстар тұрды, бірақ соғыстан кейін көптеген адамдар Гурьев пен Уральскке көшіп кеткен. Дегенмен, Татьянаның ата-анасы ауылда қалып, ешқашан бұған өкінбеген.
Бүгінде Любина отбасы — бұл мәдениет, дәстүр мен тілдің тоғысқан арнасына айналып отыр.
Көпұлтты отбасы – көпке үлгі
Бұл отбасында түрлі ұлт өкілі өзара тоғысқан: ағалары Сергей мен Виктор қазақ қыздарына үйленген. Қыздары Мария мен Ольга да қазақтарға тұрмысқа шыққан. Үлкен әпкесі Нина корей азаматымен отау құрған. Бауыры Владимир украин қызына үйленген. Татьянаның қызы Марта корей азаматымен отбасын құрған. Ұлы Арман қазақ қызымен шаңырақ көтерген. Татьянаның немерелері корей ұлтынан, бірақ есімдері қазақша — Әмір және Әділ.
Тіл, дәстүр мен әдет-ғұрып айырмашылығына қарамастан, осы үлкен және тату отбасын махаббат пен өзара құрмет біріктіреді. Татьяна Нестеровна болашақ күйеуі Қуанышқали Жакешевичпен студенттік жылдарда танысқан. Күзде студенттерді ауылшаруашылықжұмыстарына жібереді, ал, Қуанышқали автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп, күн сайын жастарды алқапқа апарып жүрген. Көп қыздың арасынан ол Татьянаны таңдады – және 42 жылдан бері олар бірлік пен татулықта бірге өмір сүріп келеді.
Отбасында әртүрлі халықтың дәстүрі мен мейрамы құрметтеледі. Мәселен, Масленицада құймақ пісіріледі. Наурыз мейрамы кезінде мерекелік дастарханнан әрқашан бешбармақ, наурыз-көже және баурсақ үзілмейді. Отбасы мүшелері Пасха кезінде жұмыртқа бояйды, ал, Рождество мерекесінде үйде тәттілердің хош иісі бұрқырайды. Жаңа жылды бұл үлкен отбасы екі рет атап өтеді. Сонымен қатар, корейше Жаңа жыл – Соллал мерекесі де дәстүрлі корей асымен бірге атап өтіледі.
- «Біздің ата-анамыз қайтыс болды, сондықтан Көрісуді біз ағайын-туыспен бірге қазақтың ұлттық тағамдарымен қарсы аламыз» дейді Татьяна.
Көпұлтты отбасы қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі. Мысалы, әпкесі Ольганың (ол қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан) балалары қазақ тілді мектепті бітірген. Татьяна мен Қуанышқали тек өз ана тілдерін ғана сақтап қоймай, балалары мен немерелерін әртүрлі ұлттың мәдениетін құрметтеуге шақырады.