Оқиғасымен бөліскен ер адам Америкада тұруы мүмкін. Сөзінше, сәби кезінде оны ата-анасы асырап алған. Ал 8 жыл бұрын іс-сапарлардың бірінде ол болашақ жарымен танысқан. Кейін жұмысын ауыстырып, сүйіктісінің жанына көшіп келіпті.
Қазір олардың екі баласы. Алайда кіші ұлы дүниеге келген соң әйеліне бүйрек ауыстыруға тура келген. Дегенмен туыстарының ешқайсы донор бола алмаған. Сол кезде күйеуі ДНҚ тапсырып, өз бүйрегін бермекші болған. Келесі күні дәрігерлер оған донор бола алатынын жеткізіпті.
"Сосын дәрігер лейкоцитарлық антиденені де қосымша тексеруді ұсынды. Ойымда еш күдік болмаған соң келістім", – дейді ол.
Қосымша сараптама кезінде ерлі-зайыптыларда сәйкестік деңгейі өте жоғары екені анықталыпты. Кейін дәрігер ата-анасы мен баласында лейкоцитарлық антидене сәйкестігі 50%, ал ағасы мен әпкесінде 100% болатынын түсіндірген.
"Қалжыңдап тұрғаным жоқ. Әрі қарай не боларын білмеймін, біз жақын туыспыз. Мұның ерсі екенін білемін, бірақ біздің екі баламыз бар, ол менің әйелім", – деп жазды ер адам.
Ал желі қолданушылары ер адамды сабырға шақырып, балалардың дені сау болғандықтан, некені бұзудың керегі жоқ екенін айтқан.