RSS лента

Қырық жыл сақталған құпия ашылды...

  • 06.11.2022, 01:13,
  • 852
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Австралияда егіз апалы-сіңлілер биологиялық әкесін 40 жыл бойы іздеп, соңында анасына эко жүйесімен өз ұрығын салған гинеколог екенін білді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

62 жастағы Хелен Эдельдің анасы 1959 жылы бала сүйгісі келген. Алайда күйеуі бедеу болған екен. Кейін ауруханада жұмыс істейтін әпкесі оған әйелдерге жүкті болып, босануға көмектескен дарынды гинеколог Джон Доэртиге жүгінуге кеңес берген. Нәтижесінде науқас шынымен жүкті болып, 1960 жылы егіздер Хелен мен Энн дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz мәлім етті.

 

20 жылдан кейін қыздар мен әкелерінің арасында қатты жанжал туындап, әкелері ашумен олардың өзгенің сперматозоид донорынан дүниеге келгендерін айтқан. Содан кейін апалы-сіңлілер өздерінің биологиялық әкесінің кім екенін білгісі келген.

 

Хеленнің айтуынша, сіңілісімен бірге ол доктор Доэртиге өздерінің әкесі болған адамды сипаттауын сұрап, хат жазған.

 

“Австралиялық, қара шашты, қоңыр көзді, бойы шамамен 177 сантиметр, орташа дене бітімдегіадам", - деп жауап жазған Доэрти донордың дәрігер екенін растаған.  Алайда басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеген.

 

Доэртимен сөйлескеннен кейін қыздар әкелерін іздеуді біраз уақытқа тоқтатқан. Бірақ 2003 жылы Хелен өзінің биологиялық әкесін білуге ​​тағы да әрекет жасады. Ол донорлардың көмегімен дүниеге келген адамдар тобымен араласып, өз оқиғасын айтып берген. Ал клуб мүшелері дәрігердің сипаттамасы өзіне ұқсап тұрғанын жеткізген.

 

Алайда бұл кезде гинеколог қайтыс болған еді. Хелен оның ұлын тауып, одан ДНК талдауын жасауды сұрады. Нәтижесінде олардың бір адамнан туғаны анықталды. Осылайша әйел мен оның әпкесі Джон Доэртидің туған әкелері екенін білді.

 

"Біз әкеміздің кім екенін біліп, біраз жеңілдеп қалдық. Бірақ оның бізге назар салмағанына аздап мұңайдық ", – деді Хелен.

 

Біраз уақыттан кейін егіз апалы-сіңлілі тағы бір сіңлісі бар екенін білді.

 

Доэрти жақсы ниетпен пациенттерді жасырын түрде ұрықтандырған.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости