Ол 20 бала туу туралы армандағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел балаларын 14 жыл бойы дүниеге әкелген және ол қандай да бір жолмен қорғанбайтынын мәлімдеді.
"Егер Құдай менің қайта-қайта жүкті болғанымды қаласа, демек солай болсын”, — дейді көпбалалы ана.
Эрнандес пен оның 39 жастағы күйеуі Карлостың отбасында 16 бала бар. Алты ұл және он қыз. Ерлі-зайыптылар әр балаға отағасының құрметіне "К" әрпінен басталатын ат таңдайды.
Қазір Эрнандестің тағы да аяғы ауыр. Көп ұзамай отбасының қатары бір ұлмен толығайын деп отыр. Әйел 20 балалы болуды армандайтынын жеткізді.
"Біз тағы үш ұл болғанын қалаймыз. Сонда қыздар мен ұлдардың саны он-оннан бірдей болады", — дейді ана.
16 баланы қамтамасыз етуге көп қаражат кетеді. Ерлі-зайыптылар тамақтану үшін аптасына 900 доллар (423 мың теңгедей) жұмсайды. Алайда Эрнандес ақша туралы алаңдамайды.
"Өзіміздің клинингтік компаниямыз бар. Балалардың жағдайын соның арқасында қамтамасыз етіп отырмыз", — дейді әйел.