RSS лента

Қазақстанда балаларды өлтіру стандарты енгізілетіні туралы ақпарат тарауда...

  • 09.09.2021, 02:11,
  • 2 886
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде елімізде «балаларды өлтірудің қандай да бір стандартын» енгізу жоспарланып отырғаны туралы ақпарат таратуда. Олардың айтуынша, егер жоба мақұлданса, онда кез келген ата-анадан баланы еш себепсіз заңды түрде тартып алып, оған медициналық тәжірибелер жүргізілуі мүмкін. Мұның барлығы жалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

[media=https://stopfake.kz/kk/archives/8497]

 

Бұл жерде «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау және оған медициналық қызметкерлердің әрекет етуі бойынша операциялық процедураның стандарты» жайлы айтылып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, оның медициналық тәжірибеге де, кісі өлтіруге де қатысы жоқ.

 

– Стандарт ұсынымдық сипатқа ие. Құжаттың негізгі қағидаты – баланы отбасында сақтау. Денсаулық сақтау туралы кодекске сәйкес баланы вакцинациялау тек ата – аналардың келісімімен ғана жүргізіледі, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Құжаттың өзінде «медициналық тәжірибелер» деген сөздер жоқ. «Кісі өлтіру» сөзі үш рет қолданылған – физикалық зорлық-зомбылықтың белгілері туралы тарауда «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың ең ауыр түрі – жәбірленушіні өлтіру болып табылады» деген сөйлемде.


Сондай-ақ, психологиялық зорлық-зомбылық әдістерінің сипаттамасында: «Адамды өзін-өзі өлтіруге немесе қорқыту арқылы өзін-өзі өлтіруге итермелеу» және «Өлтіру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіру қаупі» деген сөйлемдерде кездеседі. Бұл сипаттамалар құжатта медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды уақытында тануға және оларға қол ұшын созу үшін көмек ретінде берілген.

 

Сондай-ақ құжатта осындай балаларға көмек көрсету принциптері көрсетілген. Олардың қатарында еріктілік, заңдылық, отбасын қолдау және сақтау, құпиялылық және т.б. бар.


Яғни, құжатта баланы ата-анасынан себепсіз тартып алып, оған тәжірибе жүргізуге және одан оны өлтіруге болатын нормалар қарастырылмаған. Мұның бәрі ойдан шығарылған және манипуляция болып табылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости