Ақмола полицейлері егер сізге жәбір көрсету қауіпі төнсе, онда сіз ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабына сәйкес (Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе адамға қатысты өзге де ауыр зорлық-зомбылық көрсету не осы қауіпті орындаудан қорқуға жеткілікті негіздер болған жағдайда мүлікті жою қаупі 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 60 тәулікке қамауға алу) полициядан көмек сұрауға құқығыңыз бар екенін еске салады.
Мысалы, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Көкшетау қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне 51 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Ер адам ЖШС аумағында болған кәсіпорын қызметкері оған жәбір көрсетем деп қорқытқанын хабарлады. Жанжалдың себебі сапасыз орындалған жұмыс болды, оның наразылығын жәбірленуші білдірді. Бұған дейін ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған күдікті 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны өтініш берушіге өз уәдесін орындаймын деп қорқытқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 115-бабы (Қауіп) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.