Ағымдағы жылдың 29 маусымында Атбасар ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторынан 40 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жанжал кезінде ер адам анасына дене жарақатын салғаны анықталды.
Оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұмырдықпен ұрып қалған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйелдің өлімі бассүйек-ми жарақаты салдарынан орын алған. Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.