RSS лента

Кинодағыдай қарақшылық шабуыл жасалды

Автор фото: әлеуметтік желі

Петропавл полицейлері дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Polisia.kz мәлім еткендей, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері дүкенге қарақшылық шабуыл жасауда күдікті Жұмысшы кентінің 29 жастағы тұрғынын ұстады. Сағат 23 шамасында Караванная көшесінің бойындағы азық-түлік дүкендерінің біріне маска киген ер адам кіріп, кассадағы ақшаны талап еткен. Сатушының айтуынша, оның қолында пышақ болған. Сатушы байбалам салмай, оны сөзге тартуға тырысқан. Өзге сатып алушы әйел келген бетте, ер адам дүкеннен құнды еш нәрсе ала алмай жайбарақат ізін жасырған. Болған оқиға жайлы жедел полицияға хабарланды.

 

– Жедел уәкілдер аула бойы тексеріс жүргізіп, дүкеннің бейнебақылау камерасындағы жазбаларын зерттеді. Нәтижесінде қаскөй анықталды. Ол дүкен орналасқан маңда көршілес көшеде тұратын Жұмысшы кентінің тұрғыны болып шықты. Ер адам үйінде ұсталды. Өз кінәсін жоққа шығармады, – деді Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

 

Аталған факті ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі, яғни қарақшылық бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Істің толық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости