RSS лента

Пышақпен қорқытып, 400 мың теңгені алып кетті

  • 07.03.2021, 23:52,
  • 891
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда қарақшылық шабуыл орын алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

5 наурыз күні сағат 10:45 шамасында 102 операторына Атырау қаласы Вокзал маңы ышқам ауданында орналасқан микронесие ұйымының кеңсесінің кассирі медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткені туралы хабарлама берген.  

 

Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

 

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің 192 бабы 1 бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости