Тексеріс барысында 17 жастағы қыз бен оның 18 жастағы досының жеке басы анықталды. Өлім себебі суицид болып шықты. Жігіт пен қыз аталған үйдің 25 қабатындағы дәліз балконынан секіріп кеткен.
Полиция қызметкерлері марқұмдардың жеке заттарын алып, суицидтің нақты себебін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл дерек ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігі – «Өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу» бойынша тіркеліп отыр.