RSS лента

Өзбекстан азаматшасы интимдік бейнежазбаны ғаламторға жүктеймін деп бопсалаған

  • 27.01.2021, 02:07,
  • 850
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арызданды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені айтылған. Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған.

 

Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады.

 

Қазір аталған дерекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости