RSS лента

Атырауда 76 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды (+видео)

  • 18.03.2021, 09:56,
  • 867
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Атыраулық полицейлер 76 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Atr.kz сайтына сілтеме жасап.


Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, әлеуметтік желілерде 76 жастағы жалғызбасты зейнеткердің бағалы бұйымдары мен ақшасын үйге алдап кіріп, пышақпен қорқытып, қарақшылық шабуыл жасаған  күдікті туралы ақпарат тараған еді. Өз кезегінде тұрғындар чаттарда сақ болу қажеттілігі туралы хабарламалар таратқан.

 

Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің  арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде осы қылмысқа күдікті 31 жастағы Махамбет ауданының  тумасы анықталып, ұсталды.  Өз кінәсін толық мойындаған күдіктіден айғақ зат ретінде алтын бұйымдар алынды.

 

Айта кетейік, күдікті 14 наурыз күні сағат 08:00 шамасында жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, 1945 жылы туылған азаматшаны  үшкір затпен қорқытып, 14 мың теңге ақшасын және алтын бұйымдарын алып кеткен. Келтірілген залал – 114 мың теңге.

 

Аталған дерек бойынша Атырау қаласы №2 ҚПБ-мен Қылмыстық кодекстің 192-3 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға  жатпайды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости